« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Оқиға былай өрбіген. Сотталушының біреуі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінде қызмет жасап жүріп, ақша айырбастау бөлімшесінде жұмыс істейтін танысынан қарызға бірнеше рет ақша алып жүрген. 04.02.2014 жылы ол тағы да 100000 теңге ақшаны 20.02.2014 жылға дейін қайтарамын деп қолхат жазып алған.
Алайда, аталған сомманы белгіленген уақытында бермейді. Жәбірленуші болса ақшаны қайтар деп сұрай береді.
Осыдан кейін қарызын бермеу үшін және қолхатты өзіне алу үшін, сотталушы А.-ға жәбірленушіні өлтіру туралы ой келеді. Бірақ жәбірленуші одан әлдеқайда ірі денелі болғандықтан ол бір өзі оған шамасы келмейтіндігін ұғынып, Б. деген танысына өзінің ойын айтып береді. Сотталушы Б. оның жоспарына келісіп, екеуі жәбірленушінің үйіне барады.
Полиция формасын киген және өзіне қарыз болған адамды көрген жәбірленуші ешқандай жаман ойы болмай есігін ашады. Сол кезде сотталушы Б. оған өзімен бірге алып келген пышақты сұға бастайды, жәбірленуші қарсыласып пышақтың жүзінен екі қолымен ұстап алады. Сол кезде бұрыңғы полиция қызметкері, сотталушы А. жәбірленушінің екі қолыннан ұстап тұрып екінші сотталушыға пышақты оның жүрек тұсынан ұруға мүмкіншілік жасайды.
Пәтердің ішінде болған жәбірленушінің әйелі болып жатқан оқиғаны көрген соң, терезені ашып, көмек сұрап айқайлайды. Оның артынан бұрынғы полиция қызметкері жүгіріп барып, пердемен мойнын орап алып, ақшаның кайда екенін сұрайды. «Ақша үйде жоқ», - деген әйелді пердемен қылқындыра бастайды.
Сол кезде сотталушы Б. оған «қашамыз» деп айқайлайды. Сөйтіп, өзінің ойын іске асыра алмаған қылмыскер сотталушы Б.-мен бірге пәтерден қашып кетеді.
Пышақтан ауыр жарақат алған жәбірленуші оқиға болған жерде қайтыс болады.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен екі сотталушы да адам өлтіргені және адам өлтіруге оқталғаны үшін әр қайсысының мүлкілері тәркіленіп, 18 жылға бас бостандығынан айырылды, сотталушыны біреуі майор атағынан айырылып, жазаларын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |