« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Сексеуіл кенті - тоғыз жолдың торабындағы елді мекен. Облыстағы тіректі елді мекеннің бірі ретінде өткен жылы 405 млн. теңге қаржы бөлініп, 2 мектеп, 1 балабақша жөндеуден өтті, ұзындығы 8 шақырым болатын 7 көше асфальттанды.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен елімізде жалпы ұзындығы 988 шақырымды құрайтын ғасыр жобасы «Бейнеу-Жезқазған» теміржолының құрылысы басталып, былтырғы жылы пайдалануға берілді.
Сексеуіл кенті арқылы өтетін Жезқазған-Бейнеу жол бойында 5 бекет, 1 станса және 2 пәтерлік 38 тұрғын үй құрылыстары жүргізілуде. Осы жоба аясында Сексеуіл кентінің 200 жуық тұрғыны жұмыспен қамтылды.
10 мыңнан астам халқы бар кент тұрғындарына арналған жаңа емхана заманауи талапқа сай. Ауысымына 100 келушіге арналған емхананың құрылысына 248 млн. теңге қаржы жұмсалған.
«Халқымыз қашаннан «Бірінші байлық - денсаулық» деп денсаулықты дүниедегі байлық атаулының барлығынан жоғары қойғаны белгілі. Дені сау ұлт қана бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруді мақсат еткен Мәңгілік елімізді дамытуға қабілетті бола алады. Қуаныштарыңыз құтты болсын», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында облысымызда денсаулық сақтау саласы жылдан-жылға жақсара түсті. Арнайы «Жол картасы» қабылданып, материалдық-техникалық база нығайтылып, облыс тұрғындарының денсаулық көрсеткіштері едәуір жақсарды. Соңғы 2 жылда облыста 35 медициналық нысандар пайдалануға берілсе, оның ішінде көптен құрылысы бітпей келе жатқан жалпы құны 4,8 млрд.теңгені құрайтын 200 төсектік «Ана мен бала» перинаталды орталығы іске қосылды. Қызылорда қаласынан 200 төсектік көпсалалы балалар ауруханасының құрылысы жүргізілуде. 2013-2014 жылдары Шиелі, Қармақшы, Сырдария аудандарында жалпы құны 4,4 млрд.теңгені құрайтын ауысымына 250 келушілерге арналған емханалар салынды. Ал Арал ауданының Аралқұм, Қарақұм, Қамыстыбас елді мекендерінде жаңа дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді. Биыл тағы 3 жаңа денсаулық ғимараты халық игілігіне берілгелі отыр.
Осындай жоспарлы түрде жасалған жұмыстардың нәтижесінде, облыста халықтың өмір сүру ұзақтығы соңғы үш жылмен салыстырғанда 69,5-тен 71,6 жасқа өсті.
Сондай-ақ осы күні жаңа клубтың бірі Арал ауданы Сексеуіл кентінде ашылды. Салтанатты шараға аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев қатысып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті..
«Мұндай мәдениет ордасының ашылуын ауылдың ажарын кіргізіп, өнерге серпіліс деп білемін. Енді ауыл азаматтарының рухани демалып, мәдени шаралар ұйымдастыруына барлық жағдай жасалып отыр. Тек соны тиімді пайдаланып, рухани құндылықтарымызды арттыруға атсалысуларыңыз қажет. Заманауи үлгідегі жаңа клубы бар ауылдан Сыр елінің мерей-мәртебесін асқақтатар талай талантты ұл-қыздардың өсіп-жетілеріне сенімім мол», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Жалпы, бұл ауылда өнерлі өрендер көп. Мәселен, Нұрболат Сейітқалиұлы жақында Түркияда өткен халықаралық «Грация Турции» байқауында І орынды иеленді. Енді жаңа клубта тәлім алатын жергілікті өнерпаздар бұданда жоғары белестерді бағындыратыны сөзсіз.
Айта кетейік, осы жылдың маусым айында Қамыстыбас елді мекенінде 150 орындық жаңа мәдениет үйі ел игілігіне берілсе, өткен жылы ауданның мәдениет мекемелері облыс бюджетінен бөлінген 94 млн. теңгеге заманауи үлгідегі сандық жүйедегі лед-экран, музыкалық аспаптар, сахналық киімдер, дыбыс және жарық қондырғыларымен қамтамасыз етілді. Жыл аяғына дейін облыста тағы 3 ауылдық клубтың құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |