« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |
Кристина Тигай ұлты кәріс
болғанымен, жаны қазақ. Жалағаш ауданының тумасы.
Сондағы №31 орта мектебінде оқыған. Қазір Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық
колледжінің 3-курс студенті. Өзінің нағыз қазақ қызы екендігін мақтан тұтатын
Кристина он саусағынан өнер тамған шебер. Мектеп қабырғасында жүріп, қоғамдық
жұмыстарға белсене араласып, озат оқушы да атанған. Оған ата-анасы үнемі қазақ
бауырларына деген құрметін аямау керектігін айтып өсіріпті.
«Қазақ тілін қалай үйрендің?» деген сұрағымызға: – Достарым да, көршілерім де қазақтар болды. Менің ата-анам кәріс ұлтынан. Бірақ отбасында қазақша сөйлесеміз. Салт-дәстүрді де ұстанамыз. Анам мектепте мұғалім. Ал әкем аудандық мәдениет үйінің қызметкері. Маған өнер әкем арқылы дарыды десем болады. Кішкентайымнан музыкалық аспаптарда ойнауға әуестігім артып, әнге құмар болып өстім. Содан 9-сыныпты бітіріп, осы музыкалық колледжге түстім, – дейді Кристина.
Енді өнерлі жастың біршама жетістіктеріне тоқталып өтсек. Биылғы жылдың ақпан айында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орай этно-мәдени бірлестіктері көркемөнерпаздарының қатысуымен Астана қаласында «Менің Қазақстаным» атты республикалық музыкалық фестиваль өткені белгілі. Осы фестивальда Кристина Н.Тілендиевтің «Аққу» күйін орындап, көрермен қошеметіне бөленді. Сонымен қатар Астана қаласында өткен республикалық ХІ ұлттық жастар Дельфийлік ойындарында ол прима-домбыра номинациясы бойынша күміс медаль иегері атанып, ел мерейін үстем етті. Ұстаздары Кристинаның алдағы талай додаларда топ жаратынына сенім артып отыр.
Ол болашақта өнер саласында қызмет еткісі келеді. Алдағы уақытта Құрманғазы атындағы консерваторияда оқысам деген арманы бар.
– Мен қазақ елінде өмір сүріп жатқанымды мақтан тұтамын. Сан ұлттың татулығы мен бірлігін жарастырып, мейірімділік пен ынтымақтастықтың арқасында бейбіт өмір сүріп келеміз. Жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір ұлт өкілдері тату-тәтті тіршілік етуде. Әсіресе, өзге өңірлерге жарысқа барғанымда қазақша сөйлеп тұрғанымды көріп, таңғалып жатады. Және де ана тілде сөйлегенім үшін олар мені құрметтейді. Сондай-ақ, маған қазақтың жыр, термелері мен күйлері қатты ұнайды. Өзіме ұнаған белгілі күй- термелерді прима домбырада еркін ойнаймын, – дейді өнерлі қыз.
Иә, Кристинаның талабы зор. Оның алдына қойған мақсатына жететініне сенеміз. Өйткені оның бойында қазақ қызына тән қайсарлық бар.
Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.
« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |