СЫРДЫҢ СЫРЛЫ ШЕЖІРЕСІ

 

Елбасы Жолдауларының қайсысын алып қарасаңыз да, бүкіл елді, өз мемлекетімізді құрайтын әрбір отбасын қамтитын бағыт-бағдарларды көрсетіп, айқын да нақты тапсырмалар беретіні баршамызға аян. «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында басты мақсат болашақта мықты мемлекет, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру екендігі айтылды. Жуырда ғана Президентіміздің Сыр өңіріне сапары кезінде мұнда өз тапсырмаларының тиянақты орындалып жатқанын атап көрсетіп, халқымызға ізгі тілегін арнады. Адамды рухтандыратын жақсы хабарларды барлық басылымдар жабыла жазғанымен, аймағымыздың аға газеті – «Сыр бойының» орны ерекше. Сүйікті газетіміздің жуырдағы нөмірінен газет тілшісі Ы.Тұрлығұловтың әлемді алақанында ұстап отырған доллардың қыспағынан құтылу жолдарын жазған мақаласын оқи отырып, автордың сараптауынан өзімше ой түйдім. Нарықтық қатынастың заңдылықтарында тауар-ақша қатынасы жағдайға байланысты өзгеріп отыратындықтан әрбір өнім шығарушы мекеме, немесе ұжым экономиканың мәнісін тереңірек мәністеуі керек. Өз өнімін арзанға өндірумен қатар оның сұранысына ие болу осы жауапкершіліктің басты тетігі екен. Яғни, газет келешектің қамын жеу әркімнің міндеті екендігін еске салады. Бұл оқырман үшін, әрине, пайдалы кеңес.

Елбасы Жолдауында қарапайым адамдардың әлеуметтік көңіл-күйі біздің бас­ты мақсатқа ілгерілеуіміздің маңызды индикаторы болуға тиіс деп көрсетілген. Осы қарапайым қағиданы жеткізуде облыстық «Сыр бойы» газетінің өзіндік ұстанымы бар, сондықтан да өз ұжымымдағы әріптестеріммен ел азаматтарының сүйікті газетімізбен бірге боларына сенімдімін.

 

Айткүл ӘБДІҚАДЫРОВА,

Шиелі аудандық мәслихатының депутаты,

кәсіпкер.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 қазан 2015 г. 930 0