
Ағымдағы жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда
облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) басшысының
орынбасары Д.Тұрғанбаевпен «Нұр Отан» партиясының Қызылорда қалалық
филиалында азаматтарды жеке қабылдау өткізілді. Бұл күні өз жеке
мәселелерімен жүгінген 6 азамат қабылданды.
Қабылдау барысында қала тұрғындарының бірқатар проблемалық
сұрақтары қаралып, бақылауға алынды, сондай-ақ азаматтардың кейбір
шағымдарына түсіндірмелі жауаптар берілді.
Аталған жұмыс Департамент басшылығымен тұрақты түрде жүргізіліп
келеді. Жеке қабылдауларды өткізу азаматтардың өзекті мәселелерін нақты
шешуге және халық арасында сенімнің артуына ықпал етеді.