« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |
Облыс орталығында Қазақ
хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына
арналған Ұлттық спорт түрлерінен IV республикалық фестиваль басталды. Оған
еліміздің барлық аймағынан екі мыңға жуық спортшы қатысып, бақ сынасып жатыр.
Төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын фестиваль бағдарламасына спорттың 13 түрі кіріп отыр. Бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі, құсбегілік, жамбы ату, ат үстіндегі жекпе-жек сынды ұлттық спорт түрлері талайдың қанын қыздырары анық. Фестиваль аясында «Сәнді киіз үйлер» байқауы мен «Керемет сәйгүлік» атты сұлу аттар байқауы да ұйымдастырылмақшы.
Айта кетейік, фестиваль 16 жыл бұрын Астана қаласында алғаш рет жалауын көтерген еді. Ал Қызылорда облысы төртінші болып қабылдауда.
Кеше облыс орталығында жаңа ипподромда фестиваль бағдарламасы бойынша көкпардан алғашқы күннің ойындары өтті. Барлық облыстардан 14 команда топтық кезеңдерде бәсекеге түсуде. 16 қазан күні аяқталатын көкпар ойынында қай өңірдің көкпаршы шабандоздары оза шапқанын анықтайтын боламыз.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
Ұлттық спорт түрлерінен IV республикалық фестивальдің бағдарламасы бойынша спорттық шаралардың өтетін орындары
15 қазан
1. Мандаттық комиссия. Сағ. 10.00-16.00 «Мұз айдыны» спорт кешені, мәжіліс залы.
2. Команда өкілдері мен төрешілер отырысы. Сағ. 18.00 «Мұз айдыны» спорт кешені, мәжіліс залы.
3. Теңге ілу. Орталық атшабар.
4. Жекпе-жек. «Евразия» спорт кешені.
5. Құсбегілік. Орталық атшабар.
6. Асық ату. «Нұрсәт» теннис орталығы.
7. Тоғызқұмалақ. «Мұз айдыны» спорт кешені
16 қазан
1. Аударыспақ. Орталық атшабар.
2. IV Фестивальдің салтанатты ашылуы. Сағ. 17.00-18.30. Орталық стадион.
17 қазан
1. Қазақ күресі. «Евразия» спорт кешені.
18 қазан
1. Құнан бәйге 7 шақ-м. Орталық атшабар.
2. Бәйге 16 шақ-м. Орталық атшабар.
3. Аламан бәйге 25 шақ-м. Орталық атшабар.
4. «Керемет сәйгүлік» сұлу аттар байқауы. Орталық атшабар.
5. «Сәнді киіз үйлер» байқауы. Орталық алаң.
19 қазан
1. Қыз қуу. Орталық атшабар.
2. Жамбы ату. Орталық атшабар.
20 қазан
1. IV Фестивальдіңсалтанатты жабылу рәсімі. Cағ. 16.00-18.00. «Нұрсәт» теннис орталығы.
« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |