« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Оған Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 2000-ға жуық спортшы қатысады.
Төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын фестиваль бағдарлама бойынша спорттың 13 түрінен аламан бәйге 25 шақырым, бәйге 16 шақырым, құнан бәйге 7 шақырым, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі, құсбегілік, жамбы ату, жекпе-жектен өтеді.
Сондай-ақ, «Сәнді киіз үйлер» байқауы мен «Керемет сәйгүлік» сұлу аттар байқауы да ұйымдастырылады.
Айта кетейік, Бұл сайыс 1999 жылы Астана қаласында алғаш рет жалауын көтерген еді. Ал Қызылорда облысы - төртінші болып қабылдауда. Негізі аталмыш шара облыста бірінші мәрте ұйымдастырылуда.
Фестивальдің мақсаты - ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру, елімізде ұлттық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық спортқа деген қызығушылықты арттырып, жастарды отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу, халықтар арасында достық пен татулықты нығайту және ұлттық спорт түрлерін дамытудағы ең мықты өңірді анықтау.
Ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі, ҚР ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы.
Фестиваль 4 кезеңде өткізіледі. Бірінші кезеңі - ауылдық округтердегі жарыстар 2015 жылдың 1-25 мамыр аралығында, екінші кезеңі - аудандық жарыстар 1-25 маусым аралығында, үшінші кезеңі - облыстық іріктеу жарыстары шілде - тамыз айлары аралығында өткізілсе, төртінші кезеңі - ақтық жарыстар Қызылорда қаласында болады.
Ойындар 14 қазан күні басталады. Фестивальдің салтанатты ашылуы 16 қазан күні сағат 17.00-де орталық стадионда болады.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |