« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |
Аудандық пән олимпиадасы өткен жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тарих пәні мұғалімдерінің арасында ұйымдастырылды. Нәтижесінде бас жүлдені №57 мектептің мұғалімі Іңкәр Әбішева иеленіп, аудан әкімі Абзал Мұхимов автокөлік кілтін табыстады. Екінші орынды жеңіп алған №59 мектеп мұғалімі Жетес Әйтімов пен үшінші орын иегері №20 мектеп мұғалімі Сәндігүл Жұбаеваға қомақты сыйақы табыс етілді. Бұдан өзге, олимпиадада арнайы дипломмен марапатталған бес мұғалімге 20 мың теңге көлемінде сыйлық берілді. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
- Ұрпақтың жұлдызын жағып, мәртебесін биіктететін де, тағылымын қалыптастырып, танымын кеңейтетін де - ұстаз. Болашақтың данасын да, дарасын да ата-анадан кейін, ұстаз тәрбиелейді. Сондықтан, мұғалімнен өнеге-білім алған кез-келген шәкірт ұстазымен мақтанады. Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отыра, шәкірттеріңіз биік шыңдарға шыға берсін деген тілек білдіремін», - деп аудан әкімі А.Мұхимов мерекелік лебізін жеткізді.
« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |