Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалдыКеше Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко Қызылорда облысы ТЖД мәжіліс залында жиын өткізді.

Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

 

Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов та қатысып, баяндама жасады.

Одан соң ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко Қызылорда облысы ТЖД және оның құрылымдық бөлімшелері ұжымына жаңа басшы - Омар Бержановты таныстырды. Ол 1968 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Тағайындауға дейін Омар Құмарұлы Бержанов Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығының орынбасары қызметін атқарған.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қазан 2015 г. 764 0