Қызылордада дзюдодан халықаралық турнир өтеді

Қызылордада дзюдодан халықаралық турнир өтеді3-4 қазан күндері Қызылорда қаласында Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовті еске алуға арналған дзюдодан 1996-1997 жылдары туған жастар арасында халықаралық турнир өтеді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл 15-ші мәрте ұйымдастырылатын дүбірлі бәсекеге еліміздің 13 облысынан және Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 200-ге жуық татами шеберлері 16 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.

Жарыс ұлдар арасында 8 салмақта (55, 60, 66, 73, 81, 90, 100, +100 келі), қыздар арасында 8 салмақта (44, 48, 52, 57, 63, 70, 78, +78 келі) өтеді.

3 қазан күні сағат 15.00-де «Евразия» спорт кешенінде халықаралық турнирдің салтанатты ашылуы өтеді. Ал жарыс 10.00-де басталады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қазан 2015 г. 665 0