Индустрияландырудың екінші бесжылдығында 37 жоба іске асырылады

Индустрияландырудың екінші бесжылдығында 37 жоба іске асырыладыИндустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында Қызылорда облысында құны 148 млрд.теңге құрайтын 37 жоба іске асырылып, оның аясында 3 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын болады. Жобалар негізінен құрылыс материалдарын өндіру, тамақ өнеркәсібі, АӨК, мұнай-газ саласы, машина жасау, металлургия және энергетика салаларын қамтиды.  
Ал биылғы жылдың өзінде құны 2,6 млрд.теңге құрайтын 6 жоба іске қосылып, 280 адам жұмыспен қамтылады.  
Бүгінгі күні 4 жоба іске қосылды. Олар - құрама жем зауыты, керамикалық және күйдірілген кірпіш зауыттары және жарықтандыру шамдарын құрастыру өндірісі. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 қыркүйек 2015 г. 714 0