Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті. «Үкіметтік емес ұйымдармен және жұмыспен қамту бойынша жеке агенттіктермен бірлесе қолға алған ісіміз жұмыспен қамту орталықтарын кезең-кезеңге сәйкес жаңғырту қажеттігін көрсетіп отыр», - деді министр. «Тағы бір айта кететін жайт, біздің бағдарламамызға үкіметтік емес ұйымдар мен жеке агенттіктердің біздің бағдарлама қатысушыларын оқытуды ұйымдастыруға қатысу аясын кеңейтуді енгізбек ойдамыз. Әрине, бұған қоса олар қатысушылардың жұмысқа орналасуына септігін тигізетін болады», - деп қосты сала басшысы. Атап өту керек, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында халықты еңбекпен қамту мәселесіне ерекше назар аударылған.