Руслан Әбдіразақов түйе палуан сайысының чемпионы атанды

Руслан Әбдіразақов түйе палуан сайысының чемпионы атандыҚызылордада ауылшаруашылығына еңбегі сіңген қайраткер Сартай Мыхановты еске алуға арналған қазақ күресінен түйе палуандар арасында республикалық ашық турнирі өтті. Бұл туралы Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.
    Бәсекеге еліміздің 7 облысынан және Грузия, Өзбекстан, Қырғыз елінен 31 палуан қатысты.
    Сайыс нәтижесі бойынша қызылордалық Руслан Әбдіразақов чемпион атанып, «Nissan patrol» жеңіл автокөлігін иеленді. 2-орынды қарағандылық Ержан Шынкеев алса, 3-орын Алматы қаласының палуаны Арсылан Абдамитке бұйырды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қыркүйек 2015 г. 729 0