« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |
Айдын Айымбетов ғарышқа екінші борт инженер ретінде ұшатын болады. Онымен бірге Ресейдің ғарышкері Волков және даниялық ғарышкер Могенсен ұшпақ.
- Маған осындай үлкен сенім артып жатқандарыңызға алғыс білдіремін және сенімдеріңізді ақтауға бар күш-жігерімді саламын. Қазақ елінің ғарыш саласындағы жетістіктері үшін қуаныштымын. Менің ойымша, бұл сапар отандық ғылымға үлкен серпіліс беріп, одан әрі дамуына үлес қосады, - деді ғарышкер Айдын Айымбетов.
- Білім күнінде қызылордалық оқушылармен кездескенімде барлығы «Айдын ағаның жолы болсын!» деп ыстық сәлемдерін жолдады. Отандастарымыз үшін бұл үлкен жаңалық. Сапарың сәтті болсын, - деді Қ.Көшербаев, ғарышкерге.
Үкімет басшысының орынбасары «Союз ТМА-18М» ғарыш
кемесінің мүшесі Айдын Айымбетовке Қазақстан Республикасының Туы мен
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі мен Қазақстан Ассамблеясының жалауын
табыс етті. Сондай-ақ, жыршы-термешілер ғарышкерлерге арнау арнап,
сапарларының сәтті болуына тілектестіктерін жеткізді.
« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |