« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Іс құжаттарына сәйкес, сотталушылар өткне жылғы 25 ақпанда алдын ала сөз байласып, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау мақсатында, Арал ауданы, Жіңішкеқұм елді мекенінен батысқа қарай 15 шақырым жерде орналасқан мал жайылымынан жәбірленуші Т.-ның 11 бас жылқыларын қолды етіп, жәбірленушіге жалпы құны 2250000 теңге мөлшерінде мүліктік залал келтірген. Бұл туралы Арал аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сотталушылардың қылмыстық әрекеті, сотта өздерінің айыбын мойындап берген жауаптарымен қатар, іс құжаттарымен толық дәлелденді.
Сот іс құжаттарын зерттеп, іске қатысушылардың жауаптарын тыңдап, сотталушылардың жеке бастарын, яғни, олардың асырауларында кәмелетке толмаған балаларының, қарт анасының бар екенін және олардың үйінің жалғыз асыраушылары екенін, сондай-ақ, көршілерінің оларға жақсы мінездемелер бергенін, жылқылардың жәбірленушіге қайтарылып, мүліктік залалдың орнына келгенін ескеріп, сотталушылар Б. мен Г.-ны Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының 3 бөлігінде көрсетілген қылмыстық әрекетті жасағаны үшін кінәлі деп тапты.
Сотталушыларға 4 жыл бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 63 бабы қолданылып, тағайындалған жазаны шартты деп есептеп, жаза тағайындалған мерзімге бақылау шарасы белгіленді.
Үкім заңды күшіне енді.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |