«Көзімді ашқалы Қазақстанның топырағына табаным тиіп, тілім қазақ тілінде шықты - Юрий Хегай

«Көзімді ашқалы Қазақстанның топырағына табаным тиіп, тілім қазақ тілінде шықты - Юрий ХегайҚазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған кешке кәріс ұлтының өкілі Юрий Хегай мен өзбек ұлтының өкілі Александр Адилбаевтың отбасы қонақ болды. 

Бұл туралы Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Олар ең алдымен Қазақстанға, оның ішінде қасиетті Қазалы топырағына ата-бабаларының қалай табан тірегенін сөз етті. Бұл екі отбасы да интернационалды отбасылар. Юрийдің келіншегі қазақ қызы Жанат Шорабаева болса, Алексанрдың жұбайы орыс ұлтының өкілі Вера Пономорева. Бәрі де қазақи салт-дәстүрді бойына сіңіріп, қазақ тілінде еркін сөйлейді.
Кәріс баласы Юрий көрермендер тарапынан «Сіз ана тіліңізде тілек айтып беріңізші?» деген өтініш-сауалға «Мен өз тілімді білмеймін. Көзімді ашқалы Қазақстанның топырағына табаным тиіп, тілім қазақ тілінде  шықты. Біздің сіздерден айырмашылығым тек ұлтымызда болар. Әйтпесе тіліміз мен тілегіміз бір»,-деп жауап берді.

Көрерменнің қызығушылығын оятқан тартымды шарада түрлі ұлттың әні орындалып, биі биленді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 тамыз 2015 г. 669 0