
Арал қаласындағы спорттық-сауықтыру кешенінде еркін күрестен жасөспірім
ер және қыз балалар арасында белгілі спортшы, кәсіптік білім беру
саласының үздігі Сақытжан Мүсеновты еске алуға арналған қалааралық
турнир басталды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен
хабарлады.
Жарыстың ашылу салтанатында аудандық дене шынықтыру және спорт
бөлімінің басшысы П.Берсүгіров, Сақытжан Мүсеновтың жұбайы және мектеп
директоры С.Алмағанбетов сөз сөйлеп жарысқа қатысушыларға сәттілік
тіледі.