Н.Әлібаев «СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы болып тағайындалды

Н.Әлібаев «СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы болып тағайындалдыБүгін аймақ басшысы Қ.Көшербаев бұрынғы облыс әкіміның орынбасары Нұржан Әлібаевты қабылдап, жаңа қызметімен құттықтады.
– Н.Нұрмағамбетұлының қарамағында ең маңызды салалардың бірі – инфрақұрылым болды. Инфрақұрылымдық коммуникация дамымай аймақтың ілгерлеуі мүмкін емес. Нұржан Нұрмағамбетұлы жұмыс істеген кезде облысымызда су және газбен қамту, Қызылорда әуежайына халықаралық мәртебе берілуі, халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының, «Бейнеу-Бозой» магистралының құрылысы сияқты бірқатар ауқымды жоба жүзеге асып, инвестициялар тартылды, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Нұржан Әлібаев өз кезегінде көрсетілген құрметке алғысын білдірді.
Аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін аймақ басшысы Н.Әлібаевқа Қызылорда облысының Құрмет громатосын табыстады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қыркүйек 2015 г. 893 0