
Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесіне орай бүгін Астана қаласындағы
«Думан» ойын-сауық орталығы алдында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы
жәрмеңкесі өткізілуде. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі
хабарлады.
Сыр
елінен жәрмеңкеге жалпы сомасы 71709, 9 мың теңгені құрайтын 424, 19
тонна өнім әкелінді. Жәрмеңкеде аймақтың брендіне айналған Сыр
маржанынан бастап жеміс-жидек, көкөніс, ет, сүт және тағы да басқа 37
түрлі өнім нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен сатылуда. Тұтынушылар
тауардың сапасын жоғары бағалап отыр. Әрі бағасы қалталарына қонымды
екендігін айтуда.
Жәрмеңкеде қызылордалық өнерпаздар
мерекелік концерт қойып, жергілікті халыққа көтеріңкі көңіл-күй
сыйлауда. Айта кетейік, ауыл шаруашылық жәрмеңкесі екі күнге созылады.
Яғни, ертең де қызылордалықтар арзан бағада өнімдерін сатпақ.