« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Бір айда Қазақстандағы бензин бағасы тұрақталады. Бұл
туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика
бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.
«Бізде бензин бағасы (АИ-92/93) 124-тен 130 теңге аралығында болып тұр. Негізінен 125 теңге көлеміндегі орташа баға белгіленген болатын. Айдың барысында баға тұрақтап, қалыпты нарықтық жүйеге келтіріледі деген сенімдеміз. Бұдан әрі қарай жанармай-жағармай бағасы айтарлықтай тұрақты болады. Сонымен бірге бұл мәселе көбінесе біздің негізгі жеткізушіміз – Ресей қандай бағамен сататындығына байланысты болады. Әзірге біздің мұнай өңдеу зауыттары толық қамтамасыз ету деңгейіне шығармайынша, ресейлік нарықтағы бағаға тәуелді боламыз», - деді министрдің орынбасары.
Сонымен қатар ол бензин бағасының төмендеуі мәселесіне тоқталып өтті. «Егер нарыққа айтарлықтай көп бензин жеткізілсе және оны бізге ұсынған бағамен алмайтын болсақ, әрине, сатушылар бағаны төмендетуге қадамдар жасайды. Менің ойымша, қазан-қарашада нақты нарықтық бағаларды көрген кезде, біз бұл жағдайды сезінетін боламыз», - деді Ұ.Қарабалин.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |