Биыл Қармақшыда 2498 жаңа жұмыс орны ашылады

Биыл Қармақшыда 2498 жаңа жұмыс орны ашылады Қазіргі таңда Қармақшы ауданы бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайыз. Бұл бағытта «2015 жылға арналған халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің іс-шара жоспары» бекітілді. Кешенді жоспар аясында 2498 адамды (оның ішінде 1247 жұмыссыздар, 1251 нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар) жұмыспен қамту нәтижесінде жыл соңында жұмыссыздық деңгейін 5,2 пайызға, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 5,0 пайызға төмендемек. 2015 жылдың 7 айында кешенді жоспар аясында 1046 адам қолдау шараларымен қамтылды (тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылғандар — 624, ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгендер — 309 адам,
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының І-бағыты бойынша мектеп, балабақша ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына — 18 адам, шағын несие алғандар — 69 адам, жастар тәжірибесіне тартылғандар – 26 адам). Жұмыссыздық деңгейін төмендету — өзекті мәселе. Ай сайын облыс әкімінің төрағалығымен өтетін дағдарысқа қарсы штаб отырысында қаралып, тиісті шаралар қабылдануда. Ауданда кәсіпкерлікті дамыту бағытында жұмыстарды жандандырып, жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында жұмыстар жалғасын табады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қыркүйек 2015 г. 738 0