« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Мәжілісте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Әбдіқалықов қысқа дайындық жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқанын баяндады. Нақты кезеңде облыста 1041 әлеуметтік нысан бар. Жоспарланған жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Жалпы, әлеуметтік нысандардағы бу қазандықтарының 83 пайызы ағымдағы жөндеуден өтті. Аймағымыздағы жылу жүйелерінің жалпы ұзындығы 183,5 шақырымды құрайды.
Тағы бір айта кетерлігі, коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге тұрғындар асығар емес. Қыркүйек айына дейінгі берешек 583,7 млн. теңгені құрап отыр. Оның ішінде жылуға қарыз – 360,6 млн. теңге. Оның 71 пайызы тұрғындар үлесіндегі қарыз болса, қалғаны мекемелердің берешегі.
– Жылу маусымы басталғанша әлеуметтік нысандар толық дайын болуы тиіс. Аудандардағы газдандыру жұмыстары осы әлеуметтік нысандардан басталу қажеттігін тағы қаперлеріңізге саламын. Коммуналдық қызметтің ақысын уақытылы төлеу керек. Осыған байланысты жұмысты күшейтіңіздер, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Сондай-ақ, аймақ басшысы жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасын назардан тыс қалдырмау қажеттігін тағы бір ескертті.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |