« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Кездесу Студенттер сарайының фойесінде орналасқан кітап көрмесінен бастау алды. Оны облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы жүргізіп отырды.
Шараға «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, облыс прокуратурасы, қалалық мәслихат, этномәдени бірлестік жетекшілері, облыстық ассамблея жанындағы қоғамдық келісім, Аналар кеңестерінің мүшелері, ғалымдар, толеранттылық клуб жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Е.Л.Тоғжанов барша қатысушыларды Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен құттықтап, жыл басынан бері Ассамблея аясында республика көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Елбасымыз Н.Назарбаевтың Ұлт жоспары «100 нақты қадам» ұлттық идеясы, 5 институционалдық реформасының мазмұнын ашып, 4-ші «Біртектілік пен бірлік» бағытына ерекше тоқталып өтті.
Қатысушылар толеранттылық, үш тұғырлы тіл дамыту, бірлік, ынтымақтастық тақырыптарын аша отырып, Ассамблеяның ролі мен маңыздылығы, тарихи қалыптасуы мен қоғамдағы орны жайында сөз қозғады.
95 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Б.Құлманов пен 85 жастағы 10 бала, 30 немере, 20 шөбере тәрбиелеп отырған Батыр Ана Қ.Оспанова Елбасының бірлік пен келісім саясатына, оны жүргізіп отырған Ассамблеяға ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.
Кездесу соңында Е.Л.Тоғжанов бірқатар азаматтарға ҚХА 20 жылдығына арналған мерекелік медалін табыстады.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |