
Жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға қайырымдылық көрсету дәстүрге айналып, биылғы жылы да игілікті істермен өз жалғасын табуда.
Республикалық «Мектепке жол акциясы биылғы жылы Министрліктің әлеуметтік
бағыттағы бұл бастамасы «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен
өткізілуде.
Осыған орай, ағымдағы жылы 25 тамыз күні аудандық деңгейде №123 орта
мектеп базасында ұйымдастырылған «Мектепке жол» акциясы барысында
ауданның бірқатар мекеме басшылары және жеке кәсіпкерлер аз қамтылған
отбасы балаларына өздерінің сыйлықтарын тарту етті. Балалардың жүздеріне
қуаныш сыйлағын ақ жүректі абзал жандарға аудан әкімінің орынбасары
Ж.Тажмаханов жылы лебізін білдірді.Елбасының «Қазақстан-2050»
Стратегиясында белгіленген балалардың өмір сүру сапасын іске асыру
мақсатында ауданымызда биылғы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында
дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылуда. Акцияның мақсаты — аз
қамтамасыз етілген және әлеуметтік қорғалмаған отбасыларының балаларына,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған балалардың
санаттарына қолдау көрсетіп, жаңа оқу жылына дайындалуға көмек көрсету,
олардың мектеп формасы, оқуға қажетті құрал – жабдықтармен толықтай
қамтылып, алаңсыз білім алуына жағдай жасау. Әлеуметтік қолдауға мұқтаж
отбасыларына қолдау жасау біздің қоғамның өзекті міндеті. Өйткені, осы
жас буын іргелі істердің жалғастырушысы және дамытушысы болып табылады.
Осы бағытта атқарылып жатқан игілікті істер көңіл қуантарлық дәрежеде.
Акцияның жүзеге асыруда өзінің көмегін аямай балалардың мектепке баруына
қажетті жағдай туғызып, қаржылай көмек ұйымдастырған ел азаматтарының
үлесі зор. Осы шара аясында ауданда 28 балаға көмек көрсетілді. Ауданның
белсенді азаматтары бастап аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
С.Алиев алғысын жеткізіп, жаңа оқу жылына баратын балдырғандарға ақ
тілегін білдірді.
Акция аясында ерекше көмек көрсеткен жеке кәсіпкерлер «Ақниет» сауда
дүкенінің иесі Сейітова Бибігүл, «Қаракөз» сауда дүкені иесі Берхатова
Бақытжамал, «MEGA-AGRO» ЖШС төрағасы Еспанов Манарбек сынды азамттарды
ерекше атап өткіміз келеді.Бақыт дегеніміз — баланың күлкісі, ең үлкен
алғыс-баланың қуанышы. Олай болса, жас жеткіншектердің мектепке баруын
қамтамасыз етуді мақсат етіп отырған осындай шаралар көңілге нұр болып
құйылары сөзсіз.