Семей полигонының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Семей полигонының ардагерлеріне құрмет көрсетілді Еліміз әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан бас тартып, Семей атом полигонын жапқанына биыл — 24 жыл.
Семей полигонын жабу туралы шешім Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің арқасында жүзеге асқан болатын. Қарусызданудың Отандық үлгісі қазіргі таңда кімге болса да өнеге.
Бүгін Арал ауданы әкімінің орынбасары Қуаныш Жанұзақов Cемей маңында орын алған нәубетке қарсы тұрып ерліктің үлгісін көрсеткен аралдық ардагерлерді марапаттады.
— Ұлылар өлкесінде Ұлы жеңістен кейін ел енді ес жиғанда ядролық сынақ полигоны шығып, талай ұрпақтың жүрегіне қаяу салды. Осындай қиын-қыстауда елінің патриоты бола білген азаматтарымызға құрмет көрсету – біз үшін үлкен абырой. Сіздерге алғысымды білдіре отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халқымызға бейбіт ғұмыр тілеймін! — деді аудан басшысының орынбасары Қ.Жанұзақов.
Ардагерлер өз кезектерінде басшылыққа ризашылықтарын жеткізіп, еліміз тыныштықта ғұмыр кешіп, аспанымыз ашық болсын деген ақжарма тілектерін арнады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 тамыз 2015 г. 927 0