Айдын Айымбетов Ғарышкерлер аллеясына өз ағашын отырғызды

Айдын Айымбетов Ғарышкерлер аллеясына өз ағашын отырғызды Негізгі экипаж құрамында Сергей Волков, Айдын Айымбетов және Андреас Могенсен бар «Союз ТМА-18 М» кемесінің ұшуына бір аптадан аз уақыт қалды.

Ресейғарыштың баспасөз қызметінен хабарлағандай, Ю.А.Гагарин атындағы оқыту-жаттығу кешенінде «Баспасөз күні» өтті. Негізгі экипаж, сонымен қатар қосымша экипаж: Олег Скрипочка, Сергей Прокопьев және Тома Песке БАҚ өкілдері үшін ашық жаттығу өткізді. 

Экипаж мүшелері теория, практика бойынша және дене дайындықтарын көрсетті.

Одан кейін негізгі және қосымша экипаж мүшелері Ғарышкерлер аллеясында серуендеді. Мұнда Айдын Айымбетов пен Андреас Могенсен дәстүр бойынша алғашқы ұшулары алдында ағаш отырғызды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 тамыз 2015 г. 835 0