Реформалар мен ақша-несиелік саясат мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерді орындауына еш кедергі келтірмейді

Реформалар мен ақша-несиелік саясат мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерді орындауына еш кедергі келтірмейді АСТАНА. ҚазАқпарат - Экономиканың нақты секторында реформалардың басталуы мен инфляциялық нысаналауды шамалап отырған жаңа ақша-несиелік саясатына өту мемлекеттің азаматтар алдындағы міндеттемелерін жоймайды, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінен. 

Соңғы жылдары орын алған экономикалық дағдарыстарға қарамастан, Қазақстан азаматтар алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындап келді. Зейнетақы мен жалақы, студенттердің шәкіртақысы мен әлеуметтік жәрдемақылар кешіктірілмей төленді.

«Жыл соңына дейін бюджеттің әлеуметтік міндеттемелерінің орындалатынына еш күмәніміз жоқ. Бүгінгі күні мемлекеттік бағдарламалардың 65-70 пайызы қаржыландырылған», - деп мәлімдеді ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Ел билігінің жаңа саясаты «Нұрлы жол» экономикалық саясатының маңызды құрамдасы болып табылады.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында бюджет кірістерінің 22 пайызға қысқартылуына қарамастан, үкімет «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында іске асырылып отырған жобаларды қаржыландыруды жалғастырып отыр. «Нұрлы жол» бағдарламасының ағымдағы жылға жоспарланған барлық көліктік-логистикалық және инфрақұрылымдық жобалары жоспарға сәйкес іске асырылып келеді. Бұл арқылы өнеркәсіптің тұрақты дамыту, шағын және орта бизнесті қолдауды қамтамасыз етіп отыр.

Сонымен бірге, әлемдік нарықтағы турбуленттілік пен қазақстандық өнімдер экспортынан түсімдердің қысқаруы Үкіметті бірқатар бюджеттік шығындарды қысқартуға мәжбүрлеп отыр.
«Бюджет теңге бағамының нарықтық түзетуіне дайын», - деп хабарлады Б.Сұлтанов. Ол сондай-ақ, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, ҚР Үкіметі «Brent» маркалы мұнай бағасы бір баррель үшін 40 және 30 доллар болған жағдайда мемлекетті басқарудың макроэкономикалық сценарийін қарастырып отырғанын еске салды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 тамыз 2015 г. 723 0