Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай 30 қараша күні сағат 09.00-де «Арзан базар» алаңында жеңілдетілген бағамен азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. Оған Жалағаш, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері қатысады.