Мұғалімдердің жалақысы 2016 жылдан бастап 27%-ға артады

Мұғалімдердің жалақысы 2016 жылдан бастап 27%-ға артадыАлматыда өтіп жатқан ұстаздардың тамыз кеңесі барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев күрделі экономикалық ахуал жағдайындағы оқытушылардың материалдық жағдайы жайлы айтты. 

«Өздеріңіз кеше естігендей, ҚР Мемлекет басшысы 2017 жылдың 1 қаңтарынан жалақы деңгейін көтеру туралы айтып жүрген еді. Енді инфляциялық таргеттеуінен соң президент мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын 2016 жылдың қаңтарынан көтеруге тапсырма берді. Жалақы оқытушының біліктілігіне байланысты шамамен 27%-ға артады»,- деді Б.Сапарбаев.
Оңтүстік астананың ұстаздар қауымы аталған жаңалықты қуана қабылдады.

Сондай-ақ, шара барысында премьер-министрдің орынбасары мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуы, апатты және үш маусымды мектептердің жою, жаңа балабақша нысандарының құрылысы туралы да тілге тиек етті.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 тамыз 2015 г. 1 288 0