Н.Назарбаев шенеуніктер штатын кеңейтуге және жалақысын көбейтуге мораторий жариялады

Н.Назарбаев шенеуніктер штатын кеңейтуге және жалақысын көбейтуге мораторий жарияладыҚазАқпарат - Ақордада негізгі экспорттаушы компаниялар басшыларының қатысуымен өткен кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шенеуніктер штатын кеңейтуге мораторий жариялады.

«Күту қажет және мұны барлығы да түсінуі тиіс. Үкіметке алақан жайып келудің қажеті жоқ. Сондықтан да 2016-2018 жылдары жаңа бастамаларға, шенеуніктердің штаты мен жалақысын кеңейтуге мораторий жариялаймын. Бірақ, егерде жағдай түзеліп, ахуал басқаша болатын болса, қайта қарайтынымыз сөзсіз», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы қазіргі жағдай әрбір кәсіпорыннан және Үкіметтен ұзақмерзімді шараны талап ететіндігін баса айтты.

«Экономикалық ақиқатты ескере отырып, іштей және жалпы мұнайдың  бағасы төмен жағдайда өмір сүруге дайын болу керек. Яғни, «қарулануға» пессимистік нұсқаны алған жөн. Егер жақсы болса, бұл біздің қалтамызға түседі. Ал бұлай болмаған жағдайда біз де оған дайын боламыз», - деді ҚР Президенті.

Елбасы республикалық бюджет кірісінің көлеміне байланысты жаңа жобалардың, жаңа бастамалардың шығыстары қатаң шектелетіндігін баса атап өтті. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 тамыз 2015 г. 815 0