
Қызылорда облысы, Арал қаласының тұрғыны 8 жасар Жақас Қозбақ америкалық
Флорида штатында теннистен өткен халықаралық турнирде оқ бойы озып
шықты. Ақтық сында аргентиналық теннисшіден 6:4, 6:3 есебімен басым
түскен жас спортшы 23-29 тамызда Нью-Йоркте өтетін 10 жасқа дейінгі
балалар арасындағы Дүниежүзілік чемпионатқа жолдама алды.
Спортшы тенниспен 5 жасынан бері айналысып келеді. осы уақытқа
дейін Қазастан чемпионаттарының бірнеше рет жеңімпазы атанған.
Қазіргі таңда Жақас елінің абыройын асқақтатар тағы бір жеңіске
жету үшін АҚШ-тың «Evert Tennis Academy» клубында жаттығуда.