Қызылордада сора өсірумен айналысқан 3 азамат ұсталды

Қызылордада сора өсірумен айналысқан 3 азамат ұсталдыРеспублика аумағында 2015 жылдың 01 маусым - 30 қазан аралығында жүргізіліп жатырған «Көкнар» жедел-профилактикалық шарасы барысында қызылордалық полицейлер Арал ауданы Жіңішкеқұм елді мекенінен шығысқа қарай 45 шақырым жерде есірткі затына ұқсас өсімдік өсіп тұрған 5 алқапты анықтады. Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Ағымдағы жылдың 29 шілдесінде сағат 21.30 шамасында өсіруге заңмен тыйым салынған 3704 түп сора өсімдігін күтіп-баптап жатырған жерінен 57 жастағы, 45 жастағы және 32 жастағы үш азамат ұсталды. Тексеру барысында, аталған өсімдіктің жалпы салмағы 3 тонна 333 кг-ды құрайтындығы белгілі болды.

Сонымен қатар, сезіктілердің жатын орындарына тінту жүргізу кезінде, аталған аумақта орналасқан күркеден жалпы салмағы 28 келіні құрайтын 77 түп кептірілген сора өсімдігі анықталды. Анықталған айғақ заттарға психотроптық заттар мен прекурсорларды зерттеу сот-сараптамасы тағайындалды.

Қазіргі таңда, аталған үш азаматтың үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Үш азамат та уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 тамыз 2015 г. 733 0