« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің
депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Бақытбек Смағұл мен
Құттықожа Ыдырысов кеше Арал ауданында іссапарда болды.
Депутаттар өңірге сапарын аудан тұрғындарымен кездесуден бастап, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді.
Тұрғындар депутаттарға өздерін толғандырып жүрген аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайларын жақсарту жайы, жас мамандардың баспана мәселесін шешу және шағын бизнесті дамытуда кездесетін қиындықтар, мал өнімдерін өткізудің түйткілді мәселелері туралы сауалдарын жолдады. Халық қалаулылары қабылдауға келген азаматтардың өтініш-тілегін сала басшыларымен сол мезетте тілдесу арқылы шешіп берді. Ал, кейбір күрделі мәселелерді заң аясында шешуге уәде беріп, тұрғынның өтініші аяқ асты болмайтынын айтты.
Сондай-ақ, депутаттар кездесу барысында аралдықтарға Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының, 5 институционалдық реформасының басым бағыттарын түсіндірді. Келген меймандар көтерілген мәселелерді Парламентте қозғайтындығын және шешуге бар күштерін салатындарын жеткізді.
« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |