« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Арал аудандық
Орталық мешітінің Бас имамы Съезбек Евилханұлы 2014-2015 жылдары атқарған
жұмыстары жөнінде есеп берді. Бас имамның есебінде ҰОС ардагерлеріне құрмет,
әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық шаралары, аудандық
мешіттердегі тазалық жұмыстары, мешіт жамағатының спорттық жарыстардағы
белсенділіктері, жазғы дәріс беру кезеңдері, РАНТ мүшелерімен кездесу
жұмыстары, Рамазан айында атқарылған игілікті іс-шаралар жайы қамтылды.
Қоғамдағы белең алып отырған діни ағымдарға тосқауыл қою, жастарды имандылыққа тарту, білікті де білімді шәкірттер даярлау, айтылатын уағыздарды халыққа мағыналы түрде жеткізу, имамдардың білімдерін көтеру мәселелері де назардан тыс қалмады.
Бас имамның есебінен соң, ақсақалдар сөз алып, жасалған жұмыстарға оң баға беріп, тілектерін білдіріп жатты. Алдағы күннің еншісіне нақты іспен орнығатынын, ата дініміздің мерейі мен беделін көтеретін жоспарлар құрылып, елеулі жұмыстар жасалатыны бекітілді. Жиын соңында дін саласындағы кейбір мәселелердің күрмеуін шешу бағытында, дінге қызмет ету жолында абыройлы еңбек еткен мешіт қызметкерлерін Бас имам С.Евилханұлы Алғыс хатпен марапаттады.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |