
Қала әкімінің 2015 жылғы 24 шілдесіндегі №1209 өкімімен Қайруллаев Айдын
Бөкенбайұлы Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметіне
тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Қайруллаев Айдын Бөкенбайұлы 1981 жылы 15 қарашада Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары: 1998 - 2002 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университетінде журналист мамандығы бойынша, 2006 - 2008
жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде заңгер
мамандығы бойынша білім алған.
Айта кету керек, өткен жылдың шілдесінен Айдын Қайруллаев Қызылорда
облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.