Қызылордалықтардың жалпы саны 757,3 мың адамды құрады

Қызылордалықтардың жалпы саны 757,3 мың адамды құрады2015 жылдың  1 маусымына  қызылордалықтардың жалпы саны (алдын-ала деректер бойынша) – 757,3  мың адамды құрады, соның ішінде қала халқы – 327,9 мың, ауыл халқы – 429,4 мың адам. Қалалық тұрғындар үлесіне  43,3%, ауылдықтар үлесіне – 56,7% тиесілі. 2015 жылдың қаңтар-мамыр айында облыста туылғандар саны 7664 адамды құрады, бұл 2014 жылдың  осы кезеңімен  салыстырғанда  499 адамға азайды. Жалпы халықтың туу коэффициенті 1000 тұрғынға есептегенде 26,42-ден 24,43-не азайған. Бұл туралы kyzylorda-stat.kz хабарлайды.
    2015 жылдың қаңтар-мамыр айында облыста  өлім көрсеткіші 1809 адамды  құрап, 130  адамға азайды (2014 жылдың қаңтар-мамыр айында  1939 адам), ал жалпы өлім көрсеткішінің коэффициенті әрбір 1000 тұрғынға шаққанда 6,28-ден 5,77-ге азайған. Тұрғындар арасындағы өлім себептерінің негізгі топтарының басым үлес салмағын қан айналымы жүйесінің аурулары алады (25,8%).
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 шілде 2015 г. 657 0