
Қала әкімінің 2015 жылғы 3 шілдесіндегі № 1175 өкімімен Тұрабаев Еркін
Ермағанбетұлы Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметіне
тағайындалды.
Еркін Ер
мағанбетұлы,
1986 жылы 17 қазанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген.
2003-2007 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетін «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек
жолын 2008 жылы Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасының бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы
қызметінен бастап, 2011 - 2012 жылдары аталған басқарманың фискалдық
саясат бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.
2012 - 2013 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының бас инспекторы – облыс әкімінің бірінші орынбасарының көмекшісі;
2013 жылдың наурыз айынан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда облысы әкімінің көмекшісі қызметтерін абыроймен атқарған.