« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
ҚР Мәдениет қайраткері Шүкенов БҰҰ Балалар қорының ерікті елшісі болды. Ол көзі тірі кезінде бұл қалаға жиі барған және БҰҰ штаб-пәтеріндегі іс-шараларға қатысып тұрған. Сондықтан достары мен туыстары еске алу кешін Нью-Йоркте өткізді.
Қазір әншінің ұлы Мақсұт анасымен бірге Флорида қаласында, ал ұстазы Владимир ЗаславскийНью-Джерсиде тұрады.Сонымен бірге АҚШ, Лос-Анджелес, Вашингтонда да оныңкөптеген достары бар. Олардың барлығы еске алу кешіне жиналды, деп жазады baistars.kz.
Әншінің Америкакадағы тыңдармандары мен Қазақстандағы әріптестері Батырхан Шүкеновтің қапыда болған қазасына әлі де қайғыруда. Кеш барысында қазақстандық Жанна Орынбасарова, Алтынай Сапарғалиева әншінің «Джулия», «Твои шаги», «Нелюбимая» сынды әндерін шырқағанда жиналғандар көздеріне жас алды.
«Батырдың қазасы мен үшін ауыр тиді. Өмірімнің бір бөлшегінен айырылғандай болдым. Бірақ екеуміз біраз уақық бірге жұмыс жасадық. Сондықтан өзімді бақытты адаммын деп есептеймін. Біз бірге гастролдік сапарларға, түрлі байқауларға барғанбыз. Ол жұлдыз болған кезінде де өзгерген емес»,- деп еске алды ұстазыВладимир Заславский.
«Батыр әлем адамы болды. Қазір ортамызда оның жоқтығы білінеді. Бірақ жүрегімізде мәңгі қалады. Оның әндерін ешқашан ұмытпаймыз», - деді өз кезегінде Жанна Орынбасарова.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |