75 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН АЛДЫ

75 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН АЛДЫ75 жастағы қария талапқа сай барлық емтихандардан сүрінбей өтіп, жүргізуші куәлігін алды, деп хабарлады ХҚКО баспасөз қызметі.
    - Білімін толықтырып, өзін-өзі тексеріп көруге қай жаста болмасын кеш емес. Сынақтан өту үшін 9 шілдеде 75 жастағы азамат Аралбай Әбідразақов «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының №4 бөлімі - Мамандандырылған ХҚКО – ға «жүргізуші куәлігін беру» мемлекеттік қызметін алуға құжаттарын тапсырған. Осылайша қазіргі талапқа сай барлық теориялық және практикалық емтихандарынан сүрінбей өтіп өз білімін дәлелдеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 шілде 2015 г. 705 0