«ДАМУ-ӨНДІРІС» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

«ДАМУ-ӨНДІРІС» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІҚызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының Арал ауданындағы филиал ғимаратының мәжіліс залында «Даму-Өндіріс» бағдарламасы бойынша ашық есік күні өткізілді. Аталмыш шараға «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ы Қызылорда филиалының менеджері Серемет Қаныш, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм басқармасының қызметкерлері Құлмұратов Кенжебек пен Құрманғалив Сұңғат және бірқатар қаржылай ұйым өкілдері қатысты.

«Даму-Өндіріс» өңдеуші өнеркәсіп саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы болып табылады. Ашық есік күнінде өндіріс саласындағы ШОК қаржыландыру бағдарламасы және "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті дамыту мен қолдауға арналған бірегей бағдарламасы жан-жақты түсіндіріліп, бағдарлама жөнінде дәйекті ақпарат берілді. Сонымен бірге, Арал қаласы шағын қалалар қатарына кіргендіктен несие алу мүмкіндіктері кеңейтілгені насихатталды. Басқасу барысында 30-35 кәсіпкер және кәсіп ашушы тұлғалар ұйым өкілдерімен тікелей кездесіп, бағдарлама бойынша көкейтесті мәселелеріне түсіндірме жауаптарын алды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 шілде 2015 г. 979 0