Облыс әкімі ораза тұтқан жамағатқа ауызашар берді - Қызылорда

Облыс әкімі ораза тұтқан жамағатқа ауызашар берді - Қызылорда Қасиетті Рамазан айында облыс әкімі ауызашар берді. Бұл дәстүрлі дастарханға Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының өңірдегі өкілі, облыстың имамдары, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ардагерлер, тұрмысы төмен отбасы мүшелері, елдің дамуы үшін әр салада еңбек етіп жүрген тұлғалар шақыртылған. Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев ауыз бекіткен жандарды қасиетті аймен құттықтап, жылы лебізін жеткізді. 

- Рамазан айы - айлардың сұлтаны, ең қайырлысы және сабырлық айы. Сондықтан әлемнің барша мұсылмандары бұл айға ерекше құрметпен қарап, ауыз бекітіп, пітір-садақаларын таратып, жетім-жесірге қолдау көрсетеді, игі амалдарды еселеуге асығады. Биылғы жылы шіліңгір шілдеге тұспа-тұс келген Рамазан айының аптап ыстығына қарамастан оразаға ниет етушілер саны көп. Барлықтарыңыздың ізгі ниет-тілектеріңіз қабыл болсын, - деді облыс әкімі.

Ауызашарда Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров жиналған көпшілікті қасиеті Рамазан айымен құттықтап, ұстаған оразаның қабыл болуына тілектестік білдірді, жамағатқа арнап оразаның пайдасы мен ұстау қағидалары жөнінде, берілетін садақа, қайырымдылық шаралары туралы айтты.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 шілде 2015 г. 652 0