Волейболдан Қазақстан чемпионатында қызылордалықтар күміс жүлдені иеленді

Волейболдан Қазақстан чемпионатында қызылордалықтар күміс жүлдені иелендіБатыс Қазақстан облысы, Орал қаласында 2000-2001 жылдары туылған жасөспірімдер арасында волейболдан Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтті.

Еліміздің барлық облыстарынан 18 команда, 250-ге жуық спортшы қатысқан дүбірлі сайыста қызылордалықтар күміс жүлдені еншіледі. Бірінші орында - Шығыс Қазақстан, үшінші орында - Астана қаласы. Ал Павлодар облысының командасы төртінші орынды қанағат тұтты. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Команданың алға шығуына шиеліліктер Расул Егенов, Аят Рамазанұлы, Елжас Сапарбай, Жаңақорған ауданы, Түгіскен елді мекенінен Болатхан Шанжархан, Еркебұлан Сейдан, Нұрлыбек Ыбырайұлы, аралдық Жандос Шамаранов, сырдариялық спортшылар Азамат Ордабеков, Дәулет Кенжеғалиев, Асқар Балтабай, Нұрғиса Өтегенов, Дәулет Русланов, жаңақорғандық Рахат Сержан сынды волейболшылар өз үлестерін қосты.

Сондай-ақ, чемпионатта «Үздік ойыншы» номинациясымен шиелілік Аят Рамазанұлы марапатталды.

Қызылорда облысының құрама командасын жарысқа Болат Рысмахан, Өтепберген Әбдіраманов, Батыр Бабаев, Жасұлан Бердібаевтар дайындады.

Жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы Болат Рысмаханның айтуынша, спортшылар енді қараша айында Павлодар қаласында болатын ҚР чемпионатына дайындалады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 шілде 2015 г. 801 0