« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Ұлттық ғылыми хирургиялық орталықтың бас директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жеткерген Арзықұловқа өңіріміздің медицина саласын дамытуға, дәрігерлер жұмысының сапасын жақсартуға қосып жүрген үлесі үшін алғысын айтты.
- Өңірімізге соңғы үш жылдан бері жүйелі түрде көмекке келіп отырған, еліміздегі бірден-бір хирургиялық қызметті дамытудың стратегиясын айқындайтын, хирургиялық ауруларды емдеудің осы заманғы озық технологияларын қолданатын бас ғылыми медициналық мекемеге және оның мамандарына алғысымыз шексіз. Сіздер мен біздер еліміздің медицина саласын халықаралық деңгейге көтеру үшін аянбай еңбек етуіміз керек, - деді облыс әкімі.
Үш жыл бойы орталық қызметкерлері Қызылорда облысындағы медициналық мекемелерге барып, тәжірибелерін ортаға салып келеді. Мамандар тек хирургиялық саладағы жаңалықтарымен, инновациялық технологияларымен ғана бөлісіп қоймай, жергілікті дәрігерлерді оқыту мен науқастарды емдеу ісін қатар жүргізуде. Сондай-ақ, кездесу барысында А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталықтың базасында білімдерін жетілдірген, облыстағы денсаулық сақтау саласының түрлі салалары бойынша қызмет жасап жүрген үйлестіруші-дәрігерлер марапатталды.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |