« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Аталмыш спорт сайысына Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарынан 117 спортшы қатысты.
Бір аптаға созылған жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда облысының "Сейхұн-КАМ-ҚМУ" командасы қатарынан үш мәрте ел спартакиадасының чемпионы атанды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын байрақты додада
Сыр спортшылары 2007 және 2011 жылдары 2 мәрте Қазақстан
Спартакиадасының чемпионы атағына қол жеткізген болатын.
Финалда
қызылордалык қыздар Алматы облысының командасымен кездесіп, 37:29
есебімен жеңіске жетті. Жүлделі үшінші орынды Шығыс Қазақстан облысының
командасы еншіледі. Есеп 23:14. Ал төртінші орын Павлодар облысының
спортшыларына бұйырды.
Жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кубок, медаль және дипломдарымен марапатталды.
Жарыста «Үздік ойыншы" номинациясын шығысқазакстандық Полина Михайлова
иеленді, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, Алматы облысының
спортшылары Ирина Александрова мен Анастасия Родина, қызылордалықтар
Евгения Цупенкова, Виктория Колотинская және ҚР спорт шебері Дана
Әбілдаларға "Сейхұн-КАМ-ҚМУ" гандбол клубы тағайындаған ақшалай сыйақы
табысталса, жеңімпаз және жүлдегер командаларды дайындағаны үшін үш
облыстың жаттықтырушылары естелік сыйлықтармен марапатталды.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |