Instagram-да жаңалықтар лентасы пайда болмақ

Instagram-да жаңалықтар лентасы пайда болмақInstagram фотосервисі жаңалықтар лентасын іске қоспақ. Желі бұл шешімді өз пайдаланушыларын көбейту мақсатында қабылдады, деп хабарлады Infox.ru.

Instagram жаңалығы пайдаланушыға фотосуреттер мен бейнероликтер топтамасын көрсететін Explore парағының жаңартылған нұсқасын қамтиды. Материалдар оны көрушілер, лайк басқандар мен оған қалдырылған пікірлер санына сәйкес іріктеледі.

Іздестіру көмегімен нақты жерлер, адамдар мен хэштегтер бойынша қажетті суреттер мен видеороликтерді табуға болады. Нәтижесінде қосымшаның 300 млн пайдаланушылары үшін күн сайын жүктелетін контент (онда 70 млн астам фотосуреттер мен видеолар болады) қолжетімді болады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 маусым 2015 г. 606 0