Илья Ильин PSY-ға қазақтың шапанын сыйлады (видео)

Илья Ильин PSY-ға қазақтың шапанын сыйлады (видео)Әлемге Gangnam Style әнімен танымал болған оңтүстіккореялық әнші PSY Қазақстанда концерт берді. 27 маусымда Алматыға ұшып келген ол Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өнер көрсетті. Концертте Ресейден келген Дима Билан мен қазақстандық Беркут те ән айтты. Кешке танымал спортшы Илья Ильин қатысты. Илья Instagram парақшасында  PSY-дың қазақша шапан киіп жатқан сәті түсірілген видеоны жариялады. Ол оңтүстіккореялық әншімен бірге түскен суретін де жүктеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 маусым 2015 г. 1 089 0