
Кеше Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев "Байланыс және ақпарат
қызметкерлері күні" мерекесіне орай жергілікті және республикалық БАҚ
өкілдерін құттықтады.
"Сіздер ең басты байлығымыз – тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін
еңбек етудесіздер. Әрбір еңбектеріңіз адамдарды жақсылық жасауға, жарық
әлемді нұрландыруға жетелесін! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай
отырып, қаламдарыңызға қуат, өздеріңізге мықты денсаулық,
шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін" - деп қала әкімі Н .Нәлібаев
журналистер қауымына деген жүрек жарды тілектерін жеткізді.
Шара барысында бірқатар журналистер қала әкімінің құрмет грамотасы,
арнайы дипломдары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.