« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Жақында ғана Қызылордада өткен
«Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсын бағалау
өлшеміне қатысты оқыту семинарына қатысқан «Браунис» ЖШС шарадан кейін
«Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсына қатысуға ниет білдіріп отыр.
Бұл жөнінде Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды және әлеуметтік серіктестікті дамыту бөлімінің басшысы Жанна Сқакова: «Кәсіпкерлер «Алтын сапа» сыйлығы мен көрме-конкурсқа қатысу барысында құжаттарды рәсімдеуге қатысты қиындықтарға кездесіп жатады. Ал жақында өткен оқыту-семинары бұл мәселені оң шешуге ықпал етті. Нәтижесінде көрме-конкурсқа «Браунис» ЖШС-і қатысуға өтінім білдіруде», - деді.
2011 жылы ашылған «Браунис» кондитерлік цехы бүгінде желі болып қаланың бірнеше аумағында халыққа қызмет көрсетуде. Ерекшелігі – тұтынушылар үшін қолайлы жағдай жасау үшін дүкен мен кофехана бір жерден ашылған және қызылордалықтарға 24 сағат /тәулік бойы/ қызмет көрсетуде.
«Семнарға қатысқаннан кейін біз «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсына қатысамыз деп шештік. Көрме-конкурс біз үшін жақсы тәжірибе болмақ. Және алдағы уақытта өнімдеріміздің сапасын одан әрі арттырып, қызмет көрсету сапасын жоғары деңгейге жеткіземіз деп сенеміз», - деді «Браунис» ЖШС-нің өкілі Есенова Ақтоты.
Айта кету керек, биылғы жылдан бастап «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсын «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып, өткізетін болады.
«Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсы қатысуға Қызылорда облысының үміткерлері өтінімдерін 2015 жылғы 1 шілдеге дейін zh.skakova@palata.kz электронды мекен-жайына жолдай алады.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |