Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатындағы меморандумға қол қойылды

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатындағы меморандумға қол қойылды«Қазақстанда жасалған» акциясы шеңберінде «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ мен қызылордалық жергілікті тауар өндірушілер арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қызылорда облысы әкімдігінде жергілікті қамтуды дамыту аясында өткен көшпелі аумақтық семинар-кеңеске облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов пен «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Қайсар Аманбаев қатысты.
Негізінен қол қойылған меморандумдардың мақсаты жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсетіп, отандық тауарларды кеңінен жарнамалауға және жұмыс орындарын сақтап қалуға бағытталған.
Ағымдағы жылдың 3 ақпанында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың аймаққа жұмыс сапары барысында «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазақтелеком» АҚ ұлттық компаниялары және облыс әкімдігі арасында жергілікті тауар өндірушілерді қолдау жөнінде екіжақты меморандумдарға қол қойылған еді. Бүгінгі күнде аталған меморандумдар аясында жергілікті тауарөндіруші кәсіпорындар мен ұлттық компаниялар арасында құны 11,0 млрд. теңге болатын 121 келісімшарт жасалған.
Сонымен қатар облыс әкімдігі жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында өңірдегі мұнай компанияларымен де екіжақты меморандумдар жасасып, қазіргі таңда ол бойынша 6,2 млрд. теңгеге тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға келісімшарттар жасалды.
Алдағы уақытта «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан бөлінетін қаржы есебінен өңірде салынатын тұрғын үйлердің құрылысы, «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды» автожолы мен Қызылорда әуежайы терминалының құрылысы, басқа да ірі құрылыс жұмыстарының басталуы жергілікті тауар өндірушілердің тауарларына деген сұраныстарды арттыратыны сөзсіз.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 маусым 2015 г. 749 0