Қызылордада еліміздің 4-ші жазғы спартакиадасы аясында гандболдан әйелдер арасында жарыс басталады

Қызылордада еліміздің 4-ші жазғы спартакиадасы аясында гандболдан әйелдер арасында жарыс басталадыҮстіміздегі жылдың 22-28 маусым аралығында "Еуразия" СК-де ҚР 4-ші жазғы спартакиадасы аясында гандболдан әйелдер арасында жарыс басталады,-деп хабарлады Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Дүбірлі бәсекеге Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарынан 7 команда қатысады. Қызылорданың намысын "Сейхун-КАМ-КМУ " командасы қорғайды.

Спартакиада төрт жылда бір мәртеұйымдастырылады. Алғашқысында қызылордалық команда күміс жүлдені иеленсе, одан кейін қатарынан екі мәрте чемпион атағына қол жеткізген болатын.
22 маусым күні ойын сағат 15.00 де басталады. Салтанатты ашылуы сағат 18.00-де. 19.00-де Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облысының командалары арасында тартысты ойын басталады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 маусым 2015 г. 631 0